“Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі”
“Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді №7 ЖББМ КММ-де 11–13 қыркүйек аралығында мектеп психологтары тарапынан “Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі” тақырыбында ата-аналармен ақпараттық-танымдық жиналыстар ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты — ата-аналардың буллингтің себептері, түрлері және оның балалар психологиясына әсері жөнінде хабардарлығын арттыру, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті нығайту болды.