Адалдық сағаты » КГУ «Общеобразовательная школа №7» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қараша
2020

Адалдық сағаты

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті "Адалдық сағатын" аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.
     Бейне дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.

     А.|Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. 
     Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, "басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым", - деді.
     Бүгінде әлем чемпионы - көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына  жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: