Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сайлау!!!
20
қазан
2025
Сайлау!!!
20.10.2025 жылы №7 жалпы білім беретін мектепте 2025–2026 оқу жылына арналған мектеп президентін сайлау нәтижесі жарияланды! Ашық және әділ өткен сайлау қорытындысы бойынша, көпшілік дауыс жинаған — 🗳️ Карлинова Амина, 10 «Б» сынып оқушысы мектеп президенті болып сайланды! 👏 Аминаға алдағы жұмысына сәттілік тілейміз! 💫 Оқушылардың пікірін қорғап, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған жаңа идеялар мен бастамалар күтудеміз! 🌟
Сейсмикалық жаттығу өткізілді.
19
қазан
2025
Сейсмикалық жаттығу өткізілді.
«Жер сілкінісі кезіндегі мектеп басшылығының, педагогикалық ұжымның және оқушылардың іс-әрекеті» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығуға 8-11 сынып оқушылары мен мектеп қызметкерлері қатысты. Жаттығу аясында жер сілкінісі кезіндегі әрекет, қауіпсіздік мәселелері туралы айтылды.
🏆Құттықтаймыз!
15
қазан
2025
🏆Құттықтаймыз!
🏆Құттықтаймыз! Қазақстан Республикаының 35 жылдығына орай өткен қалалық "Отанымның шежіресі-бояулар сөйлегенде" атты шығармашылық сурет байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушыларымыз арнайы сертификаттармен марапатталды🎗
Ұстаз – жүректің шуағы
03
қазан
2025
Ұстаз – жүректің шуағы
Ұстаз – жүректің шуағы Ұстаз – жүректің шуағы, мейірім мен парасаттың қайнары. Ол шәкіртін білімге ғана емес, адамдыққа, адалдыққа, биік арманға жетелейтін дара тұлға. Шәкіртінің әрбір жетістігіне қуанып, әрбір қадамын жіті бақылап, оның тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар береді. Ұстаздың еңбегі – мәңгілік, ал оның жүрегіндегі мейірім – өмір бойы өшпейтін жарық. 🌿                                                        
1 қазан – Қарттар күні ✨
01
қазан
2025
1 қазан – Қарттар күні ✨
1 қазан – Қарттар күні ✨ Бұл күн – өмір жолын өнегеге айналдырған, ақылымен асыл, жүрегімен мейірімге толы ардақты қарттарымызға арналған мереке. ❤️Осы орайда ауыл қарияларына арналған азық-түлік таратылып, сый-құрмет көрсетілді.