Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Болашаққа қадам" қалалық олимпиада.
08
мамыр
2025
"Болашаққа қадам" қалалық олимпиада.
Информатика пәні бойынша "Болашаққа қадам"  қалалық олимпиада:  I - орын алған Қадыр Айару 6 сынып,   I-орын Бодық Малика 6 -сынып, I-орын Ерланқызы Асыл 11 -сынып оқушылары марапатталды.Құттықтаймыз! Жетекшісі: Бияздыкова Ж.О.
Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі!
06
мамыр
2025
Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі!
Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі! Биыл Ұлы жеңіске 80 жыл. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыс ешкімді де аямады. Ешкімге де оңай болған жоқ. Еліміз қасіретті жылдары ондаған миллион азаматынан айырылды. Майдан даласында қаза тапқандар арасында барлық ұлттың жауынгерлері болды. Ана баласынан айырылды, отбасы азаматынан айырылды. «Соғыстың беті ары» деп ұрандатқан жас ұрпақ бүгінде патриоттық сезімге толы іс-шаралар өткізуде. Соның бірі де бірегейі  № 7 мектеп ұстазы Баймишова Бибигул
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
05
мамыр
2025
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты мен міндеті: балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке, патриотизмге, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау.
"Ұлы жеңіске-80 жыл"
02
мамыр
2025
"Ұлы жеңіске-80 жыл"
“Шығармашылығымды Жеңіске арнаймын!”атты “Ұлы Жеңіске-80 жыл” толуына орай ұйымдастырылған “Alem Art” қалалық сурет байқау-көрмеге белсене қатысқаны үшін Сейтмуратова Акерке, Антипова Кристина және не жетекшісі Абдукаримова Гульмира Балтабаевна алғыс хатпен марапатталды.
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні
01
мамыр
2025
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Медеу ауданы әкімінің аппараты «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік бағдарламаны ұйымдастырды. Іс-шараға №7 ЖББМ КММ-де ат салысып, өзбек халқының ұлттық құндылықтарын көрсетті.Орталық мәдениет және демалыс саябағы балалардың шат күлкісіне толып, сүйікті демалыс орнына бүкіл отбасы болып келген алматылықтар мерекелік көңіл-күйге бөленді.Баршаңызды шын жүректен мерекемен құттықтаймыз!Әр шаңырақта бейбіт өмір,молшылық пен бақыт болсын!