04
ақпан
2019
"Жас өркен жастар" театрының гастрольдік сапары
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, Медеу аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен "№ 7 жалпы білім беретін мектеп" КММ "Жас өркен" жастар театры 21 қаңтар-25 қаңтар аралығында "жазығым не менің, МАМА?!" атты қойылымды Медеу ауданының 13 мектебінің оқушыларына көрсетті. Қазақта "Жетім көрсең, жебей жүр", "жетімнің көз жасы удан да ащы", - деген сөздеріне қарамастан, жетімдер мәселесі күрделеніп келе жатқаны жасырын емес. Сол себепті жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға қоғамның назарын аударту мақсатында осы қойылым қойылды.