Жас мамандар онкүндігінен ашық сабақ
Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын. Бірақ... бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын. Онда ортаға тасталар ұран сондай: Қайта алмайды қартың да бір ән салмай, Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам... Сәбилерге ағаны үлгі етемін, Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін... Қыз қуатын жігітке ат беремін, Жанам деген жүрекке от беремін. Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді Бір тамаша той қылып өткеремін. Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,