"Дарын" ҒПО ұйымдастырған XXII республикалық Абай оқуларынан 9 Б сынып оқушысы Махмұт Айым *аудандық кезеңінен- 1 орын, қалалық кезеңінен-3 орынға* ие болды! Құттықтаймыз!!! Жетекшісі Жанар Жуматевна Нугуметова.
Мектебіміздің оқушылары"Мен өлең оқимын" бейнероликтердің І Республикалық қашықтық байқауына, мектепаралық "Көктемгі олимп" метапәндік олимпиадаға, "Ақ бота" парасатты марафонына қатысып жүлделі орындарға ие болды.
1 сынып оқушылары қашықтық олимпиадалар Республикалық орталығы ұйымдастырған математика және орыс тілі пәндерінен олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды дайындағаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Шолакова Асель Базарбаевна Алғыс хатпен марапатталды.
20.02.2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай өткізілген «Өнер арқылы жасыл планетаға» атты қалалық театрланған экологиялық көріністер байқауында мектебімізден 6-9 сынып оқушыларынан М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда...» атты қойылымын қойып жүлделі 1 орынға ие болды. Экологиялық-биологиялық жетекшісі Мұхаметжанова Фатигул Ныгметжановна және мектебіміздің театр жетекшісі Уалиева Гульмира Нығметқызына үлкен рақмет!!!