«Жол және қауіпсіздік» тақырыбында оқу-жаттығу жұмыстары
18.05.2026 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Балалар және жол: қауіпсіздік аумағы» жобасы шеңберінде №221 жалпы білім беретін мектеп базасында «Жол және қауіпсіздік» тақырыбында оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, жолдағы қауіпсіздік туралы түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Шара барысында оқушылар жол қозғалысы ережелерімен танысып, қауіпсіздік талаптары бойынша тәжірибелік жұмыстарға қатысты. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.