«Таза Қазақстан» акциясы
🔰 4.04.2026 күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде жалпы мектептік сенбілік ұйымдастырылды. 🔰 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен ұстаздар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған жердің тазалығына үлес қосу болды.