02
наурыз
2026
Ұстазға ізгі тілек
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстазға ізгі тілек» айдары өткізілді.
Аталған шараның мақсаты – ұстаздардың еңбегіне құрмет көрсету, оқушылардың алғыс айту мәдениетін қалыптастыру және мектепте жылы, ізгі қарым-қатынас орнату болды. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына арнап жүрекжарды тілектерін жазып, ризашылықтарын білдірді.
«Ұстазға ізгі тілек» айдары аясында арнайы бұрыш ұйымдастырылып, онда оқушылар жазған алғыс хаттар мен жылы лебіздер орналастырылды. Әрбір жазылған тілек ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың еңбегіне деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.