Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі”
26
қыркүйек
2025
“Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі”
“Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді №7 ЖББМ КММ-де 11–13 қыркүйек аралығында мектеп психологтары тарапынан “Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі” тақырыбында ата-аналармен ақпараттық-танымдық жиналыстар ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты — ата-аналардың буллингтің себептері, түрлері және оның балалар психологиясына әсері жөнінде хабардарлығын арттыру, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті нығайту болды.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні!
05
қыркүйек
2025
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні!
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні! Тіл – халықтың жүрегі, елдіктің айнасы. Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлт пен ұлыстың тілі мен мәдениеті – біздің ортақ байлығымыз, достық пен бірліктің кепілі. Бұл мереке халқымыздың тілге деген құрметін арттырып, жас ұрпаққа рухани мұра қалдыру жолында ерекше маңызға ие. Тілімізді қадірлейік, құрметтейік және келер ұрпаққа аманат етіп жеткізейік!✨️
Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі!
06
мамыр
2025
Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі!
Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі! Биыл Ұлы жеңіске 80 жыл. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыс ешкімді де аямады. Ешкімге де оңай болған жоқ. Еліміз қасіретті жылдары ондаған миллион азаматынан айырылды. Майдан даласында қаза тапқандар арасында барлық ұлттың жауынгерлері болды. Ана баласынан айырылды, отбасы азаматынан айырылды. «Соғыстың беті ары» деп ұрандатқан жас ұрпақ бүгінде патриоттық сезімге толы іс-шаралар өткізуде. Соның бірі де бірегейі  № 7 мектеп ұстазы Баймишова Бибигул
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
05
мамыр
2025
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты мен міндеті: балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке, патриотизмге, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау.
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні
01
мамыр
2025
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Медеу ауданы әкімінің аппараты «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік бағдарламаны ұйымдастырды. Іс-шараға №7 ЖББМ КММ-де ат салысып, өзбек халқының ұлттық құндылықтарын көрсетті.Орталық мәдениет және демалыс саябағы балалардың шат күлкісіне толып, сүйікті демалыс орнына бүкіл отбасы болып келген алматылықтар мерекелік көңіл-күйге бөленді.Баршаңызды шын жүректен мерекемен құттықтаймыз!Әр шаңырақта бейбіт өмір,молшылық пен бақыт болсын!
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні
01
мамыр
2025
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні🕊️ №7 ЖББМ КММ-де ұлттар фестивальі өтті. Іс-шараның басты мақсаты оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.