Оқуға құштар мектеп
Білім мен тәрбиенің алтын діңгегі — кітап. Осы орайда мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылармен кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапханамен таныстыру. Тасаева Д. Т. Саяхат барысында кітапханашы оқушыларға кітапхана ережелері, кітап қорлары және жаңа әдебиеттер туралы кең мағлұмат берді. Оқушылар түрлі жанрдағы әдебиеттермен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды.