Даналық мектебі
📚 Әрбір шәкірттің жүрегіне білім нұрын сеуіп, болашаққа нық қадам басуына жол ашатын – Даналық мектебі. Мұнда тек пән үйретілмейді, мұнда тұлға қалыптасады, арманға қанат бітеді. Білім мен тәрбие тоғысқан ортада әр оқушы өз жолын табады!
Мектебімізде «Даналық мектебі» жобасы аясында ата-аналармен маңызды кездесу-жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер бойынша пайдалы ақпарат алды. Осындай тағылымы мол кездесулер өскелең ұрпақтың саналы әрі тәрбиелі болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.