Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа жыл
25
желтоқсан
2019
Жаңа жыл
"№ 7 жалпы білім беретін мектепте" 2019 ж. 21 желтоқсан-26 желтоқсан аралығында жаңа жылдық іс шаралар өтті. Бастауыш сыныптарға мектебіміздің "Жас өркен жастар театрының" кішкентай әртістері керемет ертегі ұйымдастырды. Оқушыларымыз ертегі әлеміне енгендей болып керемет көрініс көрді.  11 сынып оқушылары мектеп ұстаздарына арнап жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Оқушылардың өнерлеріне тәнті болған мектеп қызметкерлері алғыс жаудырып, керемет көңіл күйде қайтты.
Жаратылыстану-математикалық пәндер онкүндігі
05
қараша
2019
Жаратылыстану-математикалық пәндер онкүндігі
  Мектепте 2019ж. 05 қарашасында жаратылыстану-математикалық пәндер ӘБ онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.  Онкүндік аясында бекітілген жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі.
"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" бірыңғай сынып сағаты
25
қазан
2019
"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" бірыңғай сынып сағаты
Бүгін, 25.10.2019 жылы сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің тапсырмасы бойынша барлық сыныптарда "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары өте қызықты өтті. Оқушыларымыз отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы және мектептегі тәртіп ережелері туралы тереңірек мағлұматтар алды. Әр сынып оқушылары сынып жетекшілермен бірлесе отырып, бүгінгі тақырыпты белсене талқылады. Сегодня, по заданию Министра
Демеуші сыйлаған ағаштарды отырғызу
12
қазан
2019
Демеуші сыйлаған ағаштарды отырғызу
       11 "А" сынып оқушыларымен бірге бизнесмен Х.Л.Набиев сыйлаған линден және каштан ағаштарының көшеттері отырғызылды. Алғыс білдіреміз.
Ағаштар отырғызу
11
қазан
2019
Ағаштар отырғызу
Бүгін мектеп оқушыларымен мектеп ауласында ағаштар отырғызылды. Осы ағаштарды әкеліп бергені үшін Медеу ауданы әкімшілігіне алғыс білдіреміз. 
Эстетикалық пәндер ӘБ онкүндігі
08
қазан
2019
Эстетикалық пәндер ӘБ онкүндігі
                            2019 ж.  08 қазан-24 қазан аралығында эстетикалық пәндер ӘБ онкүндігі өтеді. Осы онкүндік аясында мұғалімдер көркем еңбек пәнінен ашық сабақтар өткізеді.