Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» кітап көрмесі
14
сәуір
2026

«Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» кітап көрмесі

Мектебімізде «Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол» тақырыбында «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетімен жақынырақ таныстыру және бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу.

Көрме барысында оқушылар түрлі ертегілермен, қызықты әңгімелермен, танымдық кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған шығармаларды таңдап алды. Балалар кітап әлемінің ерекше, сиқырлы әрі қызықты екеніне көз жеткізді.

Сонымен қатар, «Менің сүйікті журналым» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Оқушылар өздерінің сүйікті балалар журналдарын таныстырып, олардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы ой бөлісті.

Бұл шара балалардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ ақпаратты дұрыс қабылдай білуге ықпал етті.


    

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: