Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сәуір
2026

«Достық пен татулық – басты құндылық»

30.04.2026 жылы мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық пен татулық – басты құндылық» тақырыбында тағылымы мол мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына достық, татулық, өзара сыйластық пен ынтымақ құндылықтарын сіңіру, сондай-ақ еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.

Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, олардың мәдениеті мен өнерін кеңінен насихаттады. Әсем әндер шырқалып, ұлттық билер биленіп, әр халықтың салт-дәстүрлері мен ерекшеліктері сахналық көріністер арқылы көрермен назарына ұсынылды. Оқушылар өз өнерлері арқылы Қазақстандағы этносаралық татулық пен бірліктің маңызын әсерлі түрде жеткізе білді.

Мерекелік шара ерекше көңіл-күй сыйлап қана қоймай, көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің қадірін ұғындыруға зор ықпал етті. Көрермендер оқушылардың өнеріне ризашылықтарын білдіріп, мерекеден көтеріңкі көңіл күй алды.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға септігін тигізеді.


      

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: