Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сәуір
2026

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» көркем спектакль

”15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу” күніне орай №7 мектепте тағылымы мол, әсерлі мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы күн аясында Жас өркен жастар театрының ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты көркем спектакль сахналанды.🎭 Жетекшісі: Уалиева Г.Н.   Қойылым барысында оқушылар мен ұстаздар қазақ халқының ең көркем әрі мәңгілік махаббат жырларының бірі – Қозы мен Баянның тағдырлы тарихына куә болды. Спектакль кейіпкерлердің шынайы сезімі, сахналық шеберлігі мен әсерлі көріністері арқылы көрермен жүрегіне жол тауып, ерекше эмоция сыйлады. Әсіресе, ұлттық салт-дәстүрлердің көрініс табуы мен тарихи оқиғалардың сахнада бейнеленуі жас ұрпаққа терең ой салды.  Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ адал махаббат, достық пен адамгершілік қасиеттердің мәнін ұғындыру болды. Көрермендер қойылымнан үлкен әсер алып, өнерпаз жастарға ризашылықтарын білдірді. 

    

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: