Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сәуір
2026

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мерекенің басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін кеңінен таныту және жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру болды.

Мерекелік шара барысында сыныптар ауыл-ауылға бөлініп, әр ауыл өзінше ерекшеленіп, халқымыздың бай мәдени мұрасын паш етті. Оқушылар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, қазақтың әдет-ғұрыптарын сахналық көріністер арқылы әсерлі жеткізе білді. Сонымен қатар, халық әндері шырқалып, ұлттық билер биленіп, әр ауыл өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Әрбір қойылым мен өнер көрсету барысында оқушылардың шығармашылығы, ізденісі және сахналық мәдениеті айқын көрінді. Көрермендер ерекше әсер алып, мерекелік көңіл күйге бөленді. Ұйымшылдық пен бірлік танытқан оқушылар мерекенің сәнін келтіріп, Наурыздың шынайы рухын сезіндіре алды.

Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып қана қоймай, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді сақтауға, оларды дәріптеуге және келер ұрпаққа жеткізуге деген жауапкершілігін күшейтті. Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің бастауы! 


      

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: