20
сәуір
2026
Құттықтаймыз!
🔰 11.04.2026 ж. өткен сенбі күні №7 мектептің 4-сынып оқушылары арасында өткен жарыста қазақ және орыс бөлімдерінің командалары Медеу ауданы бойынша ұйымдастырылған іріктеу кезеңіне қатысып, өз бақтарын сынады.
🏆 Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтың, достық пен командалық бірліктің үлгісін көрсете білді. Әр ойын тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар өздерінің дайындық деңгейі мен спортқа деген қызығушылықтарын байқатты.
Жарыс нәтижесі бойынша командалар 2 ойында жеңіске жетіп, 1 кездесуде қарсыластарға есе жіберді. Өкінішке қарай, жартылай финалға жолдама алу мүмкіндігі бұйырмады. Соған қарамастан, оқушыларымыз намысты қолдан бермей, соңына дейін бар күш-жігерлерін салып, жақсы ойын өрнегін көрсетті.
👏 Осындай жарыстар жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, өз мүмкіндіктерін шыңдауына үлкен әсер етеді. Оқушыларымыз спорттық рух пен жеңіске деген жігер танытып, алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижелерге жетуге талпыныс білдірді