20
сәуір
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Медеу ауданының жалпы білім беретін мектептері арасында өткен жеңіл атлетикадан аудандық спартакиадада мектебіміздің оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.
Жарыс барысында оқушыларымыз өздерінің жылдамдықтарын, төзімділіктерін, ептіліктері мен спорттық шеберліктерін дәлелдей білді. Әрбір қатысушы жарысқа үлкен жауапкершілікпен қатысып, мектеп намысын қорғауда бар күш-жігерін салды.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥈 7–8 сынып қыздар командасы — II орын
🥈 9–11 сынып қыздар командасы — II орын
🥇 7–8 сынып ұлдар командасы — I орын иеленді.
👏 Бұл жетістіктер — оқушылардың табандылығы мен спортқа деген қызығушылығының, сондай-ақ ұстаздар мен жаттықтырушылардың еңбегінің нәтижесі. Жарыс барысында қатысушылар ұйымшылдық танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Аталған спартакиада оқушылардың дене дайындығын арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік берді. Сонымен қатар, спорт арқылы оқушылардың өзара достығы мен командалық рухы нығая түсті. Жеңімпаздарымыз бен қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!