Алматы қаласы Білім басқармасның
"№7 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 386-64-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 386-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
мамыр
2026

Әскери эстафета

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай және эстетикалық пәндер апталығы аясында мектебімізде 10 «А», 10 «Б», 10 «В» сыныптары мен 7-ші құрама сынып оқушылары арасында әскери эстафета ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын көтеру, әскери дайындыққа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша күш, ептілік және жылдамдықтарын сынап, жоғары белсенділік танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

I орын – 10 «Б» сыныбы (10000 теңге сертификат)

II орын – 10 «А» сыныбы

III орын – 10 «В» сыныбы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!


       

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 сәуір 2026 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
07 қараша 2025 Күзгі балл