«Таза Қазақстан» акциясы
🔰 4.04.2026 күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде жалпы мектептік сенбілік ұйымдастырылды. 🔰
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен ұстаздар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған жердің тазалығына үлес қосу болды.
Сенбілік барысында мектеп ұжымы белсенділік танытып, мектеп ауласы мен айналасын тазарту жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аумақтағы қоқыстар жиналып, жол жиектері мен жасыл аймақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар, ағаш түптері қопсытылып, қураған жапырақтар мен қалдықтар тазартылды. Барлық қатысушылар бірлесе жұмыс істеп, ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Оқушылар табиғатты аялаудың маңызын терең түсініп, қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның азаматтық борышы екенін сезінді. Ұстаздар өз тарапынан бағыт-бағдар беріп, экологиялық тәрбиенің мәнін түсіндірді.
Бұл сенбілік оқушылардың еңбекке баулу, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға және экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Таза орта – дені сау қоғамның, жарқын болашақтың кепілі! 🌿