29
сәуір
2026
1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда айтулы оқиға болып өтті. М. Әуезов атындағы стадионда Медеу ауданының 6500 оқушысы қаланың үстіне қанатын жайған Көгершін бейнесін жасады.
Аталған айтулы іс-шараға мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары да белсене қатысып, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. Дрондар бұл тарихи сәтті түсіріп, құстың сұлбасы қазақстандықтардың татулық пен келісімге қаншалықты құрметпен қарайтынын айқын көрсетті.
Бұл шара қала тарихында жылдағы ең мазмұнды патриоттық іс-шаралардың бірі ретінде қалды.